Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер 335 келі мыс ұрлағандарды ұстады

Жамбылдық полицейлер 335 келі мыс ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция бөліміне Жуалы ауданының 47 жастағы тұрғынынан 335 келі мыс металы ұрланғаны туралы арыз түсті. Жәбірленуші осы жылдың 21 сәуірінен 22 сәуіріне қараған түні белгісіз тұлғалар оның үйінің жанында орналасқан қойманың құлпын бұзып кіріп, металды жасырын ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын көлемі шамамен 1 млн теңгені құрайды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 27, 28 жастағы екі ер адамды және 34 жастағы бір әйелді анықтап, ұстады.

Ұсталған азаматтар кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында күдіктілер 5 қап, яғни 125 келі мысты ұрлап, Түркістан облысындағы металл қабылдау орнына 342 мың теңгеге өткізгені анықталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру