ШҚО-да іс-түссіз жоғалып кеткен ер адам табылды
Алтай ауданының полицейлері із-түссіз жоғалған ер адамды мас күйінде тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 мамырда Алтай ауданы Серебрянск қаласының ПБ кезекші бөлімінің 102 жедел арнасына 66 жастағы ер адам хабарласып, 3 мамырда 41 жастағы ұлының үйінен шығып кетіп, сол сәттен бастап туыстарымен байланысқа шықпағаны туралы хабарламамен жүгінді.
Белгілі болғандай, бір күн бұрын жоғалған адам мен оның әйелінің арасында жанжал орын алғаннан кейін ол үйден кетіп қалған.
Ер адам түнде не үйге, не туыстары мен достарының үйіне бармағандықтан жақындары алаңдай бастаған. Жоғалған азамат телефонын үйінде тастап кеткендіктен, туыстары онымен хабарласа алмаған. Ата-анасы оның Серебрянск бойымен ағып жатқан Бұқтырма су қоймасына батып кетуі мүмкін деп қорқа бастаған.
Полицейлер ер адамның баруы мүмкін барлық жерлерді тексерді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі сағат ішінде ол Серебрянск қаласындағы кафелердің бірінің ауласында мас күйінде табылды. Бұл оқиғаның себебін қала тұрғыны әйелімен болған жанжалдан кейін орын алғанын айтқан.
Жоғалған адам жақындарымен бірге. Қазіргі уақытта оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Баласымен қауышқан ата-ана ұлын қысқа уақытта тауып берген аға жедел уәкіл Шалқар Мұхамедиевке алғыс білдірді.