Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандар арасында тимбилдинг өтті

Қызылордада сотталғандар арасында тимбилдинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЗК-169/4 мекемесінде тәрбие бөлімінің және “Pro bono” қоғамдық қоры мен “Красивое сердце” жеке қорының ұйымдастыруымен тимбилдинг өтті.

Шара барысында сотталған азаматтар екі топқа бөлінді. Бөлінген топ бойынша волейбол ойнады. Одан соң топтық қызықты ойындар ойнатылды. Олар команда болып сурет салып, суреттері бойынша түсіндірме берді.

– Бүгінгі шараның мақсаты – сотталғандардың ұйымшылдығын жоғарылату, командалық рухты көтеру және сотталғандардың өзара қарым-қатынастарын жақсарту, бір-бірінің жеке қасиеттерін танып-білу, бірігіп жұмыс жасауға ынталандыру. Тимбилдинг қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлады. Жазасын өтеушілер топтық қызық ойындарға қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өткізілген шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, сотталған азаматтардың бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді, – деді жасақ бастығы Сұлтан Айғара.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру