Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада түрме қызметкеріне балағат сөздер айтқан сотталғанға айыппұл салынды

Елордада түрме қызметкеріне балағат сөздер айтқан сотталғанға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/5 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған И мекеменің ішкі тәтібін бұзғаны үшін тәртіптік камераға жабылған болатын. Ол өзінің тәртіптік камераға жабылғанына қарамастан, камерада орналасқан бейнебақылау камерасын әжетхана қағазымен жауып қойған. Осы сәтте мекеме қызметкерлері тәртіптік камераға келіп, сотталғанға бейнебақылау камерасына тиісуге және оны өзге заттармен жабуға болмайтынын айтып, ескерту жасаған.

Сол мезетте сотталған өзінің теріс пиғылын соңына дейін іске асыру мақсатында қызметкерлерге көпшілік алдында агрессивті түрде қадір-қасиетіне, ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Тасымалды бейнетаспалардың көмегімен сотталғанның тағы бір теріс қылығы ашылды. Ақмола облысы Аршалы аудандық соттың үкіміне сәйкес,  сотталған И-ға ҚР ҚК-нің 378-бабының 2-бөлігімен 61 260 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

ЕЦ-166/5 мекемесінің бастығы Н. Бековтың айтуынша, мекеменің кезекші бөлімі күнделікті нұсқау жүргізу кезінде жеке құрамның тасымалды бейнетаспа құралдарын тағып жүруін қадағалайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру