Степногорскіде көлік жүргізу құқығынан айырылған ер адам есірткілік масаң күйде ұсталды
Степногорскіде көлік жүргізу құқығынан айырылған ер адам есірткілік масаң күйде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 мамырда сағат 16:30 шамасында Степногорск қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция взводының инспекторлары Республика көшесіндегі жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру кезінде 35 жастағы жергілікті тұрғынның жүргізуімен Mercedes-Benz көлігін тоқтатты. Әңгіме барысында полицейлер ер адамның сыртқы келбетіне назар аударып, есірткілік мас болу белгілерін байқады. Жүргізушіге медициналық тексеруден өту ұсынылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші каннабиноидтарды қолданудан туындаған есірткілік мас күйде болған. Құжаттарды тексеру кезінде аталған азаматтың ақпан айында жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта көлік айыппұл тұрағына қойылды.