Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жазадан құтылуға тырысқан екі қылмыскерді ұстады

ШҚО полицейлері жазадан құтылуға тырысқан екі қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының аумағында ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық) көзделген қылмысты жасағаны үшін Өскемен қалалық сотынан жасырынып жүрген 34 жастағы ер адамды қолға түсірді.

2019 жылғы қаңтар айының ортасында қаскөй көліктен құрал-саймандар және монтаж көбігі бар қорапты ұрлап, 180 мың теңге шамасында залал келтіргені анықталды.

Сондай-ақ, осы жылдың сәуір айының соңында ШҚО ПД ҚПБ қызметкерлері Аягөз ауданының криминалдық полициясымен бірлесіп, 2017 жылдың қыркүйек айында республиканың оңтүстік астанасында скутер ұрлағаны үшін аудандық сотпен бес жыл бойы іздестіріліп жатқан Аягөз қаласының 30 жастағы тұрғынын құрықтады.

Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің нәтижесінде, қылмыскерлер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру