Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер теміржол өткелдерін күтіп ұстауда 75 заң бұзушылықты анықтады

Жамбылдық полицейлер теміржол өткелдерін күтіп ұстауда 75 заң бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының аумағында көлік жолдарымен қиылысатын 73 теміржол, оның ішінде 46 реттелетін және 27 реттелмейтіні бар.

– Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 48 теміржол өткелінің пайдалану жағдайын тексерді, тексеру барысында оларды күтіп-ұстауда 75 ақау анықталды. Өткелдерге қызмет көрсететін мекеме басшыларына оларды жою үшін 40 ұйғарым берілді, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы Жайдарбек Құттыбаев.

Темір жол өткелдерін қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігі бойынша 16 лауазымды тұлға, ҚТЖ ҰК АҚ-ның 11 қызметкері және бес заңгерлік кеңсесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру