Ақмола облысында төрт мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды
Ақмола облысында төрт мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы ПД ЖПҚБ қызметкерлері жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өтетін жаяу жүргіншілер тарапынан да, жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде жаяу жүргіншілерге жол бермейтін жүргізушілер арасында да жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу практикасын жалғастыруда.
Мәселен, жыл басынан бері өңір аумағында ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша жол қозғалысы ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысы қатысушыларына қатысты төрт мыңнан астам хаттама және ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) бойынша жаяу жүргіншілерге жол бермеген жүргізушілерге қатысты бір мыңнан астам хаттама толтырылды.
Естеріңізге сала кетейік, жаяу жүргіншілерге немесе жол жүрісінің өзге де қатысушыларына қозғалыста басымдылық берілген көлік құралдарының жүргізушілерін қоспағанда, жол бермегені үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Қайта бұзушылық 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, әкімшілік өндірістің бірыңғай реттілігіне сәйкес, өткен кезеңде полиция қызметкерлері мас күйде көлік құралын жүргізген 600-ден астам жүргізушіні анықтады, 1053 ақмолалық көлік жүргізу құжатынсыз жүргізіп ұсталды.