Мешітте заңсыз миссионерлік қызмет атқарған ер адам айыппұл арқалады
Ақтөбе мешітінде заңсыз миссионерлік қызмет атқарған ер адам айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 26 қазанында Ақтөбе қаласындағы мешіттердің бірінде ер адам заңсыз миссионерлік қызмет атқарған.
Сараптама жүргізілген уақытта YouTube әлеуметтік желісінде діни рәсім өткізген бейнежазбасы анықталған. Бейнежазбада Ақтөбе қаласы мешіттерінің ұстаздарының бірінің ислам дініне қатысты дәріс өткізгені түсірілген.
Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 490-бабының 3-бөлігі (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, 291 700 теңге айыппұл салынды.