Ақмола полицейлері із-түссіз жоғалған Ресей Федерациясының азаматын іздестіруде
Ақмола полицейлері із-түссіз жоғалған Ресей Федерациясының азаматын іздестіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
22 мамырда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне РФ азаматы жұбайының ағасы 45 жастағы РФ азаматы Сергей Бирюковты іздестіруге жәрдем көрсету туралы өтінішпен жүгінді. Ол 17 мамырда Көкшетау қаласының орталық базарынан белгісіз бағытта кетіп қалған. Осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз.
Белгілері: бойы 160-165 см, дене бітімі орташа, сақалы ағарған, қысқа шашты, шашы ағарған.
Үстінде қара күртеше, көк түсті футболка, баумен байланатын ақ түсті кеды, қара түсті кепка, қара түсті джинсы шалбар киген. Өзімен бірге РФ азаматының паспорты, Samsung телефоны болған.
Жоғалған ер адамды іздестіруге Көкшетау қаласы Полиция басқармасының, Ақмола облысы ПД аумақтық бөлімшелерінің, ҚР Ұлттық гвардиясы 5510 әскери бөлімінің жеке құрамы, берілген күштер, еріктілер бағытталған.
Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің ішінен тоғыз жедел-іздестіру тобы құрылды. Полиция жоғалған ер адамның болуы мүмкін жерлерді, қонақ үйлерді, жалдамалы пәтерлерді, теміржол және автовокзал аумағын тексеруде. Іздестіру туралы бағдар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге бағытталды.
Іздеудегі Бирюковтың орналасқан жері туралы ақпарат білетіндерден 8-705-112-79-29 немесе 102 телефоны бойынша хабарлауды сұраймыз.