Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада пробация қызметкері жол жиегінде жалғыз тұрған балаға көмектесті

Ақмолада пробация қызметкері жол жиегінде жалғыз тұрған балаға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола пробациясының қызметкері Камиля Махметова: «Мені ешкімге бермеңдерші, сабағымды қарап, өзімді жақсы ұстауға сөз беремін. Кішкентай бала қандай да бір көлікті тоқтатқысы келіп, жолдың жиегінде жалғыз тұрды» деп әңгімесін бастады.

– Жексенбі күні саяжайдағы үйге барамыз деп шештік, көктем ғой жұмыс жеткілікті. Біз отбасымызбен бірге табиғатта демалғанды ұнатамыз. Міндетті түрде самаурынға шай қойып, отқа картоп пісіреміз. Сол күні сағат 10:00-де жолға ерте шықтық, демалыс болғандықтан сол бағытта көлік ағыны көп болды. Бір уақытта алдымызда жолдың жиегіндегі жалғыз тұрған ер баланы байқап қалдым. Артыма жалт қарап, жолдасыма көлікті тоқтатуды өтіндім, ойым жанында ересек біреу бар екеніне көзімді жеткізу еді. Бірақ ол жалғыз екен. Артқа шегініп, жанына келдік. Мен өзімнің полиция қызметкері екенімді айтып едім, ол аяқ-асты қаша жөнелді, мен артынан қуып жеттім. Баланың айтуынша, полиция қызметкерлері оны бірнеше мәрте үйіне қайтарған, – дейді Камиля.

Камиля Махметова жедел полицияға бала жайлы хабарласқанда видеобақылау арқылы тіркелген жолдағы бала фактісі бойынша жедел топ көлігі осы мекенжайға шыққанын білді. Топ жеткенше Камиля Махметова баланың тілін табуға тырысты. Ол көп жылдан бері ҚАЖ психологы болып қызмет атқарды.

– Бала түсініксіз жауап қайтарып, өзін таныстырғысы келмеді. Өзінің сегізде екенін білдік. Кешікпей полиция қызметкерлері де келіп жетті. Сережа жылап, маған қарай тығылды. Өзімді әріптестеріме таныстырып, олар ата-анасын іздеп тапқанша, баланы саяжайға өзіммен бірге алып кетуді ұсындым. Менің үлкен ұлыммен тез тілдесіп, тамақтанып, еш алаңсыз ойнап кетті. Кейін бізге үйреніскесін Сережа жолдың жиегіне шыққан себебін айтты. Әкесі үйіне мас боп келгенде Сережаны соғатыны бар екен, анасы көп ұрсатын көрінеді. Кіші інісі бар екен. Ол үйдің сүйіктісі, ал өзін ешкімге керек емеспін деп ойлайды. Сондықтан бұл бала бос саяжайға барып, әжелерге көмектесіп, күнін көргісі келген, – деп сөзін жалғады пробация қызметкері.

Камиля сол сәтте қандай сезімде болғанын да айтып берді.

– Ол осы жайтты айтып отырғанда жаным ашып, көзіме жас келді. Кешке үйге қайтқанда таза ауада демалып, шаршаған үшеуі де ұйықтап қалды. Көлігіміз тоқтаған кезде Сережа оянып, мені құшақтап: «Мені бермеңдерші, мен сіздерді тыңдап, сабағымды да жақсы қараймын» деп өтінді. Осы сәтті көрген жолдасым сыртқа шығып кетті. Біраз уақыттан соң үйге кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспекторлар Сережаның ата-анасымен бірге келді. Мен аман-есен табылған баласын көрген ана оны құшағына алып, аймалап сүйетін шығар деп ойладым. Өкінішке орай анасы жылы шырай танытпады. Сондағы әкесінің қатаң дауыспен айтқан сөзі: «Бармасаң қал, киімдеріңді әкеліп беремін, қайда барсаң, онда бар». Біз анасы мен әкесінің бауыр еті баласымен кездесуі осылай өтеді деп күтпегендіктен, абыржып қалғанымыз рас. Сережа жанымызда жылап тұрды, оған анасы рұқсат етсе, жазғы демалыста өзімізбен бірге балық аулауға апарамыз деп уәде бердік. О, Алла! Қайда апарсаң да бәрі-бір деп есіктен шыға анасы айқай салды. Тек соңында «рақмет» деп есікті жауып шығып кетті, – деп сөзін аяқтады Камиля.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру