Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру инспекторларының үздігі анықталды

Ақтөбеде теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру инспекторларының үздігі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің базасында 2022 жылдың теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру бойынша үздік инспекторы конкурсы өткізілді.


Конкурсқа департаментке бағынысты КА-168/1 және КА-168/2 мекемелерінде қызмет ететін теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру топтарының инпекторлары қатысып, өзара бақ сынасты.
Конкурсты өткізу ережесіне сәйкес, теологиялық оңалту жұмысы инспекторларына қойылған талаптар өзін сауатты таныстыру, мекемесін және эмблеманы қысқаша таныстыру, экстремистік және террористік қылмыстары үшін сотталғандармен жүргізілетін теологиялық оңалту жұмысын тиімділігі туралы бейнеролик көрсету, құжаттарды рәсімдеу, теологиялық оңалту жұмысын жүргізу барысында туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдарын түсіндіру болды.

Теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру инспекторларының сайыста көрсеткен өнерлерін бағалау үшін қоғамдық бірлестіктердің мамандары қазылық етіп, үздік инспекторды анықтады.

Қазылар алқасы конкурстың нәтижелерін шығарған кезде қолданыстағы теологиялық оңалту жұмысы бағытындағы нормативтік актілерді жақсы білуі, сөйлеу сауаттылығы, жүргізілетін теологиялық жұмыс бойынша іс-шаралардың мақсаттылығын дәлелдеу және жүйелі түрде ойлау қабілетінің бар болуы, регламентті сақтау, жеңіске жігерлік, шығармашылық, орындаушылық шеберлігін ескерді.

Қазылар алқасының шешімімен 2022 жылдың теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру бойынша үздік инспекторы номинациясы КА-168/1 мекемесінің инспекторы Абай Тұрымұлына берілді.

– Теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру бойынша үздік инспекторы конкурсын өткізудің басты мақсаты – ҚАЖ мекемелерінде сотталғандар арасында теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру бойынша қызметкерлердің имидждік жұмысын көтеру және кәсіби шеберлігін арттыру, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс тобының бас маманы Руслан Тулегенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру