Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада құрылыс нысанына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ізін суытпай ұсталды

Қызылордада құрылыс нысанына қарақшылық шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды, үшінші күдікті іздестірілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 мамыр күні сағат түнгі 03:30 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының 102 арнасына азамат хабарласып, белгісіз біреулер қарақшылық шабуыл жасағандығы туралы хабарлама түсірген.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер қала аумағында орналасқан құрылыс нысандарының біріне заңсыз кіріп құрылысшыларды қаруға ұқсас затпен қорқытып 9 ұялы телефондарын, құрылыс құралдары мен қаражаттарын алып кеткен.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, ізін суытпай екі облыс тұрғыны ұсталды. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда, үшінші күдіктіні іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен (Қарақшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру