Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 200-ден астам полиция қызметкері интернет-алаяқтықтың алдын алу акциясына қатысты

СҚО-да 200-ден астам полиция қызметкері бір уақытта интернет-алаяқтықтың алдын алу акциясына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер жыл басынан интернет-алаяқтықтың 320-дан астам фактісін тіркеді. Шығын көлемі бірнеше мыңнан басталып, ондаған млн теңгеге дейін жетеді. Желілік алаяқтықтарды ескерту мақсатында тәртіп сақшылары профилактикалық жұмыстарды күшейтті. Облыстың ең ірі полиция бөлінісі – Петропавл қаласының Полиция басқармасымен өткізілген профилактикалық іс-шараларға барлық қызметтер мен бөліністердің қызметкерлері жұмылдырылды.

Офицерлер таңғы сағат 08:00-ден өз бағыттары бойынша бет алып, тұрғындарға алаяқтардың сөйлесу мәнері, олардың әрекеттері жайлы айтты. Мектептер, колледждер, балабақшалар, ауруханалар, кәсіпорындар, ЖШС – бір күн бойы полицейлер бірден 107 объектіні қамтыды. Барлық жерде жиналыстар өткізіліп, оның барысында орын алған мысалдар, фактілер баяндалды.

Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов нақтылағандай, алдын алу іс-шараларының нәтижелері бойынша облыс орталығының тұрғындарына Петропавлда алаяқтықтың ең көп таралған түрлері мен әдістері жеткізілді; ақпараттық парақшалар, жадынамалар, бейнероликтер таратылды.

Сонымен қатар, сканерленген буклеттер, плакаттар, аудио және бейне жазбалар барлық кәсіпорындардың менеджерлеріне WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде еңбек ұжымдарының жұмыс чаттарында міндетті түрде тарату үшін жіберілді. Әр полицейге өзінің тұрғылықты жері бойынша: көршілері, таныстары мен туыстары арасында тұрақты түрде кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Полиция қызметкерлерінің интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру