Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тергеу изоляторына телефон өткізбек болған ер адамның ойы іске аспады

Қызылордада тергеу изоляторына телефон өткізбек болған ер адамның ойы іске аспады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 мамырда Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіне келген Т. есімді азаматтың ыстық тамағының арасынан тыйым салынған зат анықталды.

Нақтырақ айтар болсақ, ет тағамының ішінен фальга қағазына оралған бір INOI ұялы телефоны мен Beeline SIM-картасы табылды. Ер адам ҚР ҚК-нің 188-бабының 4-бөлігі 3-тармағымен (Ұрлық) айыпталушы інісіне тыйым салынған затты өткізбекші болған.

Бұл азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру