Қарағанды облысында үш мас жүргізуші ұсталды
Қарағанды облысында 10 сағат ішінде мас жүргізушілердің қатысуымен үш құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кері санақ Теміртау қаласынан басталды. 22 мамыр күні сағат 21:15-те Ескіқала қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне автокөлік жүргізушісі жарық тірегіне соғылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Келген жедел-тергеу тобы жол-көлік оқиғасының фактісін, зақымдалған бағанды, көлікті тіркеп, куәгерлерден жауап алды. Ал дәрігерлер жүргізушіге және оның жолаушысына көмек көрсетіп, зардап шеккендерді медициналық мекемеге тасымалдауды ұйымдастырды.
29 жастағы жүргізуші мен оның 24 жастағы жолаушысына дәрігерлер сыну, көгеру диагнозын қойды. Ал талдау нәтижелері қанда алкогольдің болғанын көрсетті.
Факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Емделу бойынша ер адам ҚР ӘҚтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік соттың алдына шығады. Сондай-ақ, ол сынған жарық тірегі үшін мемлекетке келтірілген залалды төлеуге мәжбүр болады.
23 мамыр күні сағат 01:34 Саран қаласы патрульдік полиция взводы Ақтас ауылына кіре берісте Hyundai автокөлігін тоқтатты. Полиция 39 жастағы жүргізушіні бірден таныды. Өткен жылдың қараша айында мас күйінде көлік жүргізгені үшін ауыл тұрғыны көлік жүргізу құқығынан айырылған. Ер адам оған қарамастан, тағы да көлік жүргізуде, одан алкогольдің иісі шығып тұрды. Өткен куәландыру мас болу дәрежесін көрсетті. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
23 мамырда сағат 04:30-да Теміртау қаласында көлікті мас күйінде басқарған деген күдікпен патрульдік полиция батальоны ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Алкоголь буымен жүрген жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
24 мамырда Теміртау қаласының әкімшілік соты 34 жастағы жүргізушіні жауапкершілікке тарту және оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру туралы қаулы шығарды. Барлық көлік құралдары айыппұл тұрағына қамалды.