Көкшетауда екі ер адам үйді өртемек болды: үйде балалар болған
Көкшетаулық полицейлер балалар болған жеке үйді өртеу әрекетінің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 мамырда Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғынға өртеу қаупі туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Азаматша полицияға көршісінің өзіне тиесілі жеке үйдің ішіне бензин құйып, өртеп жіберу қаупі төніп тұрғанын айтты.
Оқиға орнына дереу келген учаскелік полицейлер Борис Толгуров пен Ерқанат Орынбай үйден мас күйдегі екі ер адамды тауып алды. Кәмелетке толмаған төрт бала үйдің ауласында, біреуі ішінде болған. Үйдің барлық бөлмелерінің едендеріне бензин төгілген, ал бөлмеде жанармайдың иісіне тән иіс болды.
Келіссөздерге көнбеген қаскүнемдер оттықты пайдаланып, қауіп-қатер төндіруді жалғастырды. Үй ішіндегі адамдардың өміріне қауіптенген тәртіп сақшылары қаскүнемдерді жедел ұстап, Полиция басқармасына жеткізді.
Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.