Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үй кезегін жылжытқысы келген өскемендік ақшасынан айырылып қалды

Шығыс Қазақстан облысының орталығында тұрғын үй алу кезегін «айналып өтуге» тырысқан бойжеткен алаяққа алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айының соңында Өскемен қаласы ПБ Ертіс ПБ 102 жедел арнасына 29 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Ол осы жылдың 23-25 сәуір аралығында танысы пәтер кезегін жылжытып беремін деген сылтаумен оның 450 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын алдап алғанын хабарлады. Ойындағысын іске асырғысы келген жәбірленуші тұрғын үйге кезегін алға жылжыту үшін банктің мобильді қосымшасымен қаражатты аударған.

Арызды қабылдап алған тәртіп сақшылары бірден қылмысты ашуға кірісті. Осылайша қабылданған шаралардың нәтижесінде, криминалдық полиция қызметкерлері 30 жастағы күдіктіні ұстады, оған қатысты келу туралы міндеттеме мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру