Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны тіркелмеген қаруларды сақтаған
Ақтөбе облысында ауыл тұрғыны тіркелмеген қаруларды сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 мамырда полиция қызметкерлері шекарашылармен бірлесіп жедел ақпаратты тексеру кезінде Қарғалы ауданының Әлімбет ауылдық округінде шаруа қожалықтың бірінде 45 жастағы жергілікті тұрғыннан төрт бірлік қару тауып, тәркіледі.
Полиция қызметкерлері өшірілген нөмірлері бар ИЖ-18 маркалы тегіс ұңғылы бір мылтық, ТОЗ БМ-16 маркалы екі ұңғылы мылтық, ИЖ-81м маркалы тегіс ұңғылы бір ұңғылы мылтық, өшірілген нөмірлері бар 12 калибрлі мылтық және ТОЗ-8 маркалы ұсақ калибрлі мылтық ер адамның қорасынан тәркіледі. Барлық алынған қарулар бойынша сараптама тағайындалды.
ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.