Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйінде есірткі сақтаған сайрамдық екі тұрғын анықталды

Үйінде есірткі сақтаған сайрамдық екі тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері сатуға, сақтауға, егіп өсіруге, қолдануға заңмен тыйым салынған есірткі қылмысының алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді.

Осындай кезекті тексеріс кезінде Сайрам ауданы Полиция басқармасының қызметкерлеріне екі жергілікті тұрғынның есірткіні заңсыз сақтаумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат алысымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлері есірткі қылмысына күдікті ретінде аталмыш жергілікті екі тұрғынды анықтады.

Жедел уәкілдер ұсталған ер адамның бірінің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді. Нәтижесінде, оның көйлегінің төс қалтасынан және үйінің ауласындағы қапшық ішінде газетке оралған өсімдік тектес есірткіге ұқсас затты табылып, тәркіленді.

Сараптамаға сәйкес, алынған есірткі заттары жалпы салмағы 8 грамға жуық кептірілген марихуана болып шықты. Ал екінші тұрғынның үйін тінту кезінде оның қорасынан қағазға оралған есірткіге ұқсас зат табылды. Тағайындалған сараптама қорытындысымен алынған зат 60 грамға жуық кептірілген марихуана болып шықты.

Қазіргі таңда аталған жайттар СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркелді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру