Өскемендік тұрғын үй алуға көмектесемін деп әйелді алдап кетті
Өскемендік тұрғын үй алуға көмектесемін деп әйелді алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сәуір айының соңында Өскемен қаласы ПБ Солжағалау ПБ «102 «жедел арнасына ШҚО облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны арызбен жүгініп, оның атына бейтаныс адам мобильді қосымша арқылы оның атынан үш млн ақшалай несие рәсімдегенін айтты.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Одан жауап алу барысында күдікті өз кінәсін мойындаған.
Полицейлер ер адамның бұрын банкте жұмыс істегенін анықтады. Күдіктінің үй алып беремін деген көмегіне сенген әйел алаяқтың арбауына түскен. Ал бұрын банкте жұмыс істеген алаяқ жағдайды пайдаланып, оның атына несие ресімдеп алған.
Қаскөйге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде қылмыстық іс жүргізудің мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.