Ақтөбеде 68 жастағы көлік жүргізушісі жасөспірім велосипедшіні қағып кетті
Ақтөбеде 68 жастағы көлік жүргізушісі жасөспірім велосипедшіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 мамырда сағат 18:40 шамасында ВАЗ-21140 автокөлігінің 68 жастағы жүргізушісі Ясный кентінде жүріп келе жатып, жолдың жүру бөлігінен өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған велосипедшіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты жасар бала Ақтөбе қаласындағы балалар ауруханасына жатқызылды.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлік жүргізушілеріне, мотоциклистерге, жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге мұқият қарау керек екенін ескертеді. Себебі олардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалардың ең ауыр салдары болады. Ал көлік құралдарының жүргізушілері жол ережелерін және жеке қауіпсіздік шараларын оқып, қатаң сақтауы керек.