Ақмола облысында із-түссіз жоғалған әйел іздестірілуде
Ақмола облысында із-түссіз жоғалған әйел іздестірілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 мамырда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына Красный Яр кентінің тұрғынынан 25 мамырда таңғы сағат 08:30 шамасында үйден шығып, полицияға жүгінгенге дейін орналасқан орны белгісіз 42 жастағы туған әпкесін іздеуге көмек көрсету туралы өтініш келіп түсті.
Азаматша әпкесінің Көкшетау қаласына жұмысқа орналасу мақсатында кетіп, жоғалғанын және әпкесінің ұялы телефоны жоқ екенін түсіндірді. Өтініш беруші әпкесінің үстінде қара түсті жемпір мен шалбар, аяғында кроссовка болғанын хабарлады.
Хабар-ошарсыз жоғалған адамның орналасқан орнын анықтау үшін Полиция департаменті мен Көкшетау қаласы басқармасының жеке құрамы бағдарланды, әйелдің болуы мүмкін территориялар мен бағыттар, Уәлиханов, Болашақ, Красноярская, Целинная, Школьная және тағы басқа да көшелер тексерілді.
Жоғалған әйелдің таныстарының шеңбері, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді. Іздеу шараларына еріктілер қосылды. Бүгінгі күні жан-жақты жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда. Ақмолалық полицейлер хабар-ошарсыз жоғалған адамның орналасқан орны туралы қандай да бір ақпаратқа ие болғандардың барлығынан Көкшетау қаласының Полиция басқармасына 29-96-00 телефоны немесе 102 арнайы телефоны арқылы хабарлауды сұрайды.