Балқаш полицейлері пәтер ұрлығын ашты
Балқаш полицейлері пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
27 мамырда жақында сатып алған пәтерін тексеруге келген 36 жастағы Балқаш қаласының тұрғыны құрылыс құралдары мен музыкалық колонканың ұрланғанын анықтады. 30 мың теңге шығын келтірген.
Жәбірленуші пәтерде кіреберістегі есікті ауыстырып, терезелерге темір тор салып, жөндеу жұмыстарын жүргізбек болған. Содан біреу тордың жоқтығын пайдаланып, терезені сығу арқылы, пәтерге кіріп кеткен. Балқаш қаласының криминалдық полиция қызметкерлері күдікті ретінде 33 жастағы ер адамды анықтады.
Ұрланған заттар қажетті қаражатты берген бірінші келген адамға сатылған. Күдікті тапқан ақшаны жұмсап тастаған. Қазақстан Республикасы ҚК-нің188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер сатып алушының жеке басын анықтап, басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.