Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған екеу пробациялық бақылауға алынды

Қызылорда облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрлық жасаған екеу пробациялық бақылауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы дүкендердің бірінен зат ұрлаған екі азамат жуырда Қазалы аудандық пробация қызметінің есебіне алынды. Олар Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабынының 3-бөлігінің 2,3-тармағымен (Ұрлық) кінәлі деп танылып, әр қайсысына екі жыл алты ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Жаза өтеуінің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбек тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Өздерінің айтуынша, олар 6 қаңтарда киім дүкенінен киімдер ұрлаған.

Қазіргі таңда олар өзінің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы орган белгілеген орында мәжбүрлі түрде күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта тазалық және көгалдандыру жұмыстарымен айналысуда.

Жалпы, мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғанның атқарған жұмыс уақытын есептеу және оны қадағалау ҚР ҚАК-нің 62-бабына сәйкес, жергілікті атқарушы органға жүктелген. Жыл басынан Қазалы аудандық пробация есебінде тұрған 34 сотталған сот үкімімен міндеттелген мәжбүрлі еңбекті тәртіп бұзушылықсыз толық атқаруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру