Елорда тұрғыны бутиктен екі пакет спорттық аяқ киім ұрлап кетті
Ер адам «Кari» бутигінен 10 жұп спорттық аяқ киім ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күдікті клиент кейпінде аяқ киімдер тұрған сөрелердің арасымен жүріп, спорттық аяқ киімдерді өзімен бірге алып келген пакеттерге салған. Кейін ретін тауып, сауда залынан шығып кеткен.
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын қарау кезінде күдіктінің жүру бағытын анықтады. Ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 33 жастағы ер адам ұсталды.
Қазіргі уақытта ол ұрлық жасағанын мойындады. Ұрланған аяқ киімдер тәркіленді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.