Көкшетауда велосипед ұрлаған тұрғын УҰИ-ға қамауға алынды
Көкшетауда велосипед ұрлаған тұрғын УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. 31 мамырда Көкшетау қаласының полиция басқармасына 32 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Азаматша 29 мамырда үйдің ауласынан белгісіз адам спорттық велосипедін ұрлап әкеткенін айтты. Келтірілген шығын сомасы 78 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында облыс орталығының 27 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Қаскүнем үйдің иелері саяжайда болғанын пайдаланып, аулада тұрған велосипедті ұрлап әкеткен. Заттай дәлелдеме тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Көкшетау қаласы УҰИ-ға қамалды. Оның осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.