Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ер адам бір түнде бірнеше ауыл тұрғындарының үйін тонап кетті

 ШҚО-да ер адам бір түнде бірнеше ауыл тұрғындарының үйін тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 мамырда Глубокое ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне ауданның 53 жастағы тұрғыны жүгініп, түнгі сағат екі шамасында белгісіз ер адам үйдің кіреберісінің терезесін сындырып, оның 86 жастағы анасының үйіне кіріп, қарт ананы ұрып-соғып, үйінен 10 800 теңге ұрлап кеткенін хабарлаған.

Сонымен қатар, сол күні тағы 3 жергілікті тұрғын осындай өтінішпен полиция бөліміне жүгінген.

Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, бейтаныс жігіт Береговая көшесінде орналасқан үй есігінің ашық тұрғанын пайдаланып, онда кіріп, күш көрсету қаупін төндіре тұра 4 мың теңге ақша, LENOVO ноутбугін және екі  қорап темекі ұрлап кеткен. Жәбірленушіге шамамен 100 мың теңге шығын келтірілген.

Полицейлер дереу қылмысты ашуға кіріскен, осылайша жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде “ізін суытпай” күдіктінің жеке басын анықтап, қаскөйді қолға түсірді. Аталған қылмыстарға барған Глубокое ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу амалдары барысында ол кінәсін мойындады.

Сол түні ұсталған азамат кенттің тағы екі тұрғынының үйіне заңсыз баса-көктеп кіріп, үйлердің бірінің тас-талқанын шығарып, 290 мың теңгеден астам шығын келтіргені анықталды.

Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі, 149-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру