Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер өрт сөндіру түтік құбырын ұрлаған күдіктілерді ұстады

“Есіл” ауданының полиция қызметкерлері өрт сөндіру түтік құбырын ұрлаған екі күдіктіні ұстады. Олар бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 40 жастағы қала тұрғындары болып шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер күндізгі уақытта Тұран даңғылындағы үйдің кіреберісінен 10 дана өрт сөндіру түтік құбырын ұрлап кеткені анықталды. Олар құрал-жабдықтарды ұрлап, сөмкелеріне салып нарық бағасынан төмен бағаға сатпақ болған.

Қазіргі уақытта “Ұрлық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандардың қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу барысында ер адамдар кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру