Таразда 3 жігіт бірнеше ай бойы жалған түбіртекпен сатушыны алдаған
Таразда үш жігіт бірнеше ай бойы жалған түбіртекпен сатушыны алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Бұл туралы полиция бөліміне 66 жастағы әйел шағымданды. Жәбірленушінің айтуынша, алаяқтық әрекеттері бес айға жуық уақытқа созылған. Дүкен иесі ревизия жасағаннан кейін алданғанын білді. Жетіспеушілікті байқаған кәсіпкер барлық сатып алушылардың түбіртектерін тексере бастады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 және 17 жастағы үш жігітті ұстады. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. Күдіктілер жалған түбіртектер жасау үшін қосымшаны қолданғаны анықталды. Материалдық шығын көлемі 1,5 млн теңгені құрады.
Осыған ұқсас жағдайды Шу ауданының тәртіп сақшылары да тіркеген. Онда 26 жастағы ер адам млн теңгеден астам шығын келтіре отырып, жалған түбіртектермен сауда жасаған.
Жамбыл облысының Полиция департаменті кәсіпкерлерге қырағы болуды және тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз төлемді тек банк терминалдары арқылы қабылдауды ескертеді.