Зағип жанның телефонын алып қойған тараздық тұрғын ұсталды
Зағип жанның телефонын алып қойған тараздық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына 58 жастағы жергілікті тұрғыннан саябақтардың бірінде отырған кезінде белгісіз адамның телефонын ұрлап кеткендігі туралы хабарлама түсті.
Күдікті саябақта отырған азаматтың көзі көрмейтіндігін байқап, оның қолындағы Redmi телефонын тартып алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 67 мың теңгені құрады.
Тараз қаласы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің натижесінде, күдіктінің ізі суытпай ұсталынды. Оның облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны екені анықталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, айғақ зат иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-тармағымен (Тонау) тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.