Жамбылдық полицейлер балаларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтты
Жамбылдық полицейлер балаларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының аумағында полиция қызметкерлері жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын жазатайым және өзге де оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде.
Тәртіп сақшылары балаларға тұрмыстағы және қоғамдық орындардағы, көпшілік демалатын орындардағы тиісті мінез-құлық туралы, өз қауіпсіздігінің ережелері туралы, сондай-ақ өздері пайдаланатын жеке заттардың (ұялы телефондар, ақша, велосипедтер және т.б.) сақталуына қатысты жауапкершілік туралы біраз ақпараттар берді. Мұның бәрін полицейлер балалардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарын көрсететін статистикалық мәліметтермен және өмірдегі мысалдарымен айтып берді.
Сондай-ақ, дүниежүзілік интернет желісіндегі қауіптерге ерекше көңіл бөлінеді. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар жасөспірімдерге әртүрлі күмәнді жобаларға қатысуды ұсынатын белгісіз пайдаланушылармен хат алмасуға болмайтынын да ескертті.
Сонымен қатар, балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі, сондай-ақ роликтер мен велосипедтер теуіп жүргенде құлаққаптар киіп жүрудің қауіптілігі туралы да еске салды. Жас велосипедшілерге апатсыз ойын-сауық үшін алаң таңдау қажеттілігі және жүріс бөлігін қауіпсіз кесіп өту ережелері туралы айтылады. Сонымен қатар, құқықтық тәртіп сақшылары балаларға шомылу кезінде өзін қалай ұстау керектігін, су айдындарында болған кезде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы да ескертеді.
– Жаз мезгілінде кәмелетке толмағандардың бос уақыты көбірек болады және олар жиі өз-өздерімен қалады. Олардың сабақтары әрдайым қауіпсіз бола бермейді. Біздің міндетіміз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер жасаған және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, – деп хабарлады Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.