Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қайтарымсыз ақша алып беремін» деп алаяқтық жасаған кентаулық әйел қамауға алынды

Кентаулық полицейлер «қайтарымсыз ақша алып беремін» деп алаяқтық жасаған әйелді қамауға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық Полиция басқармасына Түркістан қаласы мен Сауран ауданының тұрғындары арызданған. Олардың айтуынша, алыс танысы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қайтарымсыз берілетін 1 млн теңге алып беремін деп, әрқайсысынан 300 мың теңгеден алған. Арада 2 жылға жуық уақыт өтсе де, берген уәдесін орындамай, созбалаңдыққа салып жүрген. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 600 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар Кентау қаласының тұрғыны, жұмыссыз әйелді анықтады.

Тексеру барысында күдікті мұндай қадамға ақша қажет болуына байланысты барғанын айтты. Қазіргі таңда күдікті әйел қамауда. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру