Үш күн жатып, әлсірей бастаған: Павлодарда ҚАЖ қызметкері құтқарылған күшікті асырап алды
Павлодарда ҚАЖ қызметкері құтқарылған күшікті асырап алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың көктемінде «Павлодар жүрегі» зооволонтерлеріне қала тұрғындары жүгініп, Торайғыров көшесіндегі үйдің ауласында лақтырылған екі күшік жатқанын хабарлады.
– Аулаға келіп, екі күшіктің жағдайы ауыр екенін көрдік. Жергілікті тұрғындар айтқандай, олардың бірі үш күн жатып, ақырында өліп кеткен. Олардың бірінде ісік болды, кейінірек анықталғандай, үлкен кесек болған – бұл «жарық» екен. Ветеринарлық клиникаға апарып, шұғыл операция жасалды, баспанаға алынды. Ол тез қалпына келді.- дейді зооволонтер Мария Гребенкина.
Баспанаға көмек көрсететін ҚАЖ қызметкерлері де өз қол ұшын берген.
– Бірінші рет келгенде, біз үнемі көмектесіп отыратын боламыз деп шештік. Мен ата-анаммен сөйлестім, оларға күшік керек. Олар жеке меншік үйде тұрады. Осы жерден күшік аламын деп шештім, – дейді АП-162/4 мекемесінің қызметкері Қуаныш Қайырбаев.
Ақтөс өзінің жаңа иелерін құйрығын бұлғаңдатып қарсы алды. Ақтөс деп күшікті атаған да Қуаныш.
– Бұл күшіктің бағы бар екен, аман қалды, операция жасалды және тез арада жақсы қолға түсті! Оған қамқорлық жасаңыз, ол сіздің ең жақсы досыңыз болады, – дейді Мария.
Бұл баспанада 40-тан астам ит тұрады. Осындағы иттерге көмекті жануарларға бей-жай қарамайтын павлодарлықтар көрсетіп тұрады.