Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ұландық сарбаздар балалар үйіне барды

Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында 5546 әскери бөлімінің сарбаздары Атыраудағы балалар үйі мен облыстық жетім балаларды оңалту орталығында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында тәртіп сақшылары балалармен отансүйгіштік туралы әңгімелесіп, түрлі сайыстар мен ойындар өткізіп, оларға ойыншықтар мен тәтті сыйлықтар тарту етті. Ұлттық ұландықтардың көркемөнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы қызықты болды. Кішкентай көрермендер мұқият тыңдап, сарбаздармен бірге ән айтты. Ал кейбірі концерттен кейін гитарада ойнап көрді.

Сарбаздар бүлдіршіндерге зор денсаулық пен арман-тілектерінің орындалуын тіледі. Тәрбиеленушілерге деген мейірімділік пен жылулық үшін балалар үйінің басшылығына, ұстаздарына алғыс білдірді.

– Әрбір бала өзін бақытты сезініп, махаббат пен қамқорлыққа бөленіп өсуі керек. Әрқайсымыз аз да болса мейірімді болып, балалармен жылы лебізімізді бөліссек, әлем жақсара түседі. Сондықтан біз де әрдайым ата-анасыз қалған балаларды тәрбиелеу мен дамытуға өз үлесімізді қосуға тырысамыз, – деді 5546 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Байрам Әлиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру