Қазан Ислам университетінің оқытушысы ҚАЖ қызметкерлеріне дәріс оқыды
Қазан Ислам университетінің оқытушысы Павлодар облысы бойынша ҚАЖ қызметкерлеріне дәріс оқыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Татарстан Республикасы Мұсылмандары Діни Басқармасының Шариғат мәселелері жөніндегі департаментінің меңгерушісі Ахмад Абу Яхья Павлодар облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Семинар Павлодар облысының дін істері басқармасында өтті. Ұстаздың келудегі басты мақсаты қызметкерлерге экстремизмнің алдын алу және радикалды идеяларды тарату туралы дәрістер оқу болды.
Сондай-ақ ол адамдардың, әдетте,көбінесе жастардың радикалды жалған уағыздаушылардың үгіт-насихаттарына бой алдыруының бірқатар себептеріне тоқталып өтті.
Бұл себептердің қатарында өз дінін білмеу, әлеуметтік ашу-ыза, өзіне-өзі сенбеу және өмірдегі жасампаз мақсаттар жатады. Экстремизм мен терроризмге қатысы бар адамдар жазасын колония қабырғасында өтеп жатқанын ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне исламның дәстүрлі құндылықтары туралы ақпарат берілуі қажет.
Рухани азық, дәстүрлі ислам туралы білімнің аздығы түрлі секталар мен экстремизмнің таралуына негіз қалдырады. Біздің міндетіміз – дәстүрлі исламның қағидаларын азаматтарға жеткізу.
– Осындай маңызды шараны өткізуге көмектескен қызметкерлерге алғыс айтамын, – деді Ахмад Абу Яхья.
Сонымен қатар, дәріскер Татарстан Республикасындағы Мұсылмандары Діни басқармасының жұмысына тоқталып, тәжірибелерімен бөлісті.