Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жасырмауға шақырады

СҚО полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жасырмауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

32 жастағы әйел екі кәмелетке толмаған қызымен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған Уақытша болу және тұру орталығына орналастырылды. Бұған себеп – бұрынғы күйеуімен арасындағы қарым-қатынас. Ерлі-зайыптылар СҚО аудандарының бірінде 16 жыл бірге тұрған, үзілмейтін жанжал мен соққылардан кейін олар осыдан бірнеше ай бұрын ажырасқан. Полиция қызметкерлері әйелге уақытша тұру орнына көшуге ұсыныс жасаған. Әйел ұсынысты қабыл алып, шешіміне өкінбейді: балалары Уақытша тұру орталығының орналасқан жері бойынша мектепте оқуларын жалғастырды, барлық керек-жарағымен қамтамасыз етіліп, жағымды ортада тұрып жатыр және аналары жұмысқа орналасқан.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов атап өткендей, бұндай жағдайлар аз емес. Бұл ретте, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы моральдық қысым көрсету және соққыға жығу фактілерінің бір бөлігі жәбір көргендермен жасырылады. Осындай мәселелерді шешу үшін, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және ескерту мақсатында полицейлер 13 маусымнан “Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” республикалық акциясын өткізуде. Акцияның мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және адамдардың назарын аталған мәселеге аудару.

– Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына айналған жағдайда “102” жедел арнасына немесе 8 (7152) 49-31-58, 61-25-30 телефондары бойынша тікелей полицияның әйелдерді қорғау жөніндегі тобына хабарласуға не 8-708-432-45-61 нөміріндегі WhatsApp-қа хабарлама қалдыруға болады. “Әйелдерді қорғау орталығы” Қоғамдық бірлестігі Дағдарыс орталығының сенім телефонының нөмірі: 8 (7152) 46-13-26. Қоңырауларды қабылдаған кезде құпиялық қағидаты жұмыс істейді, бұл әйелдермен жұмыс істеу кезінде белгілі болған мәліметтердің жария болмауын қамтамасыз етеді, – деп атап өтті жергілікті полиция қызметінің әйелдерді қорғау тобының қызметкерлері.


СҚО-да жыл басынан отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1107 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, жанжалқойларға қатысты 1287 қорғау ұйғарымдары шығарылды. Қорғау ұйғарымдарын бұзғаны үшін 77 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша сотпен құқық бұзушылардың жүріс-тұрысына қатысты 363 ерекше талап қойылды.

“Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” акциясы 21 маусымға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру