Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні мас күйінде ұстады

Ақмола полицейлері көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні мас күйінде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 маусымда сағат 17:40-та Зеренді ауданында жол қозғалысын қадағалауды жүзеге асыру кезінде «Тұлпар 527» автопатруль экипажы 33 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен ВАЗ-21099 автокөлігін тоқтатты. Сыртқы жарық құрылғыларының ақауы полиция қызметкерлерінің назарын аударды. Жүргізушімен сөйлескен кезде Бекболат Құсметов пен Қуаныш Қойшы алкогольдің иісін сезіп, жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетті.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші «орташа дәрежеде» мас күйінде болған. Тексеру барысында бұл азаматтың 2021 жылы 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын басқаруға жіберу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

– Мас күйінде көлік жүргізу – жол-көлік оқиғалары себептерінің бірі, адамдар ауыр жарақат алып, кейде қайтыс болады. Біз жүргізушілерді жауапкершілікті болуға, жол ережесін бұзбауға және мас күйінде көлік жүргізбеуге шақырамыз, – деді ППБ қызметінің инспекторы полиция лейтенанты Қойшы Қуаныш.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру