Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды

Қазақстанда заңсыз жүрген 322 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шетелдіктердің ҚР-да болуын көзделген ережелерін мүлтіксіз орындауды қамтамасыз ету мақсатында 27 маусым мен 4 шілде аралығында ел бойынша «Нелегал-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Полиция шара аясында шетелдіктердің көп тұратын жерлеріне, құрылыс объектілеріне, базарларға, ұйымдардың және шетелдіктердің жалдамалы еңбегін заңсыз пайдаланатын жұмыс берушілерге тексеру жүргізеді, сондай-ақ автокөлік құралдарын тексереді.

Операцияның екі күнінде көші-қон заңнамасының 3 762 құқық бұзушылығы тіркелді, шетелдіктердің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін – 1 239, шетелдіктердің еңбегін рұқсатсыз пайдаланған 207 жұмыс беруші, шетелдіктердің келуі туралы ІІО-ын уақтылы хабардар етпегені және елде болу ережелерін қамтамасыз еткені үшін 1 509 құқық бұзушылық анықталды.

Соттардың шешімі бойынша елден 322 шетелдік шығарылды. Соның ішінде 646 адам мәжбүрлеп шығарып жіберу үшін арнайы қабылдау орындарына қамалды.

Мысалы, полиция қызметкерлері Шымкентте үш шетелдік азаматты анықтап, ұстады. Тексеру барысында елге мемлекеттік шекарадағы өткізу пунктін айналып өтіп, заңсыз келгендігі белгілі болды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында оларға тұрғын үйді заңсыз беріп, келімсектердің заңсыз болуына мүмкіндік жасаған Қазақстан Республикасының азаматшасы анықталды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру