Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану дерегі анықталды

Атырауда кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыраулық полицейлер 28 маусым күні “Түнгі қаладағы балалар” жедел іс-шарасы кезінде жастарға жұмыс берген нысандарды жіті тексерді. Нәтижесінде балалардың еңбегін пайдалану бойынша дерек анықталды.

Полиция қызметкерлері қала аумағында орналасқан дәмханалардың бірін тексеру кезінде дәмхананың ішінде екі жасөспірімнің даяшы қызметін атқарып жүргені белгілі болды. Жұмыс берушінің тарапынан жасөспірім балалардың ата-аналарының арасында еңбек шарты жасалмағаны белгілі болды.

Жасөспірімдердің ата-аналары шақыртылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Енді дәмхана иесіне қатысты жинақталған іс-құжаттар заңдылығын тексеру үшін еңбек инспекциясына жолданатын болады.

Атыраулық полицейлер 14-16 жасқа дейінгі жасөспірімдер төрт сағаттан, 16-18 жаска дейінгі жасөспірімдер алты сағаттан артық қызмет жасамау керектігін жұмыс берушілер тарапынан қатаң сақталу керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру