«Заңсыз келуші – 2022» ЖПІШ: Қызылорда облысында 321 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысында «Заңсыз келуші – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының төрт күнінде 321 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысының полицейлері «Заңсыз келуші – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында 321 құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 243 шетелдік тіркелді. Сонымен қатар, шетелдіктерді қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалар көші-қон заңнамасын бұзған және шетелдік Қазақстан Республикасының еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Қазақстан Республиканың 78 азаматына әкімшілік шаралар көрілді. Іс-шара кезінде Өзбекстан Республикасының 17 азаматы елімізден аластатылды.
– Құрметті облыс тұрғындары! Шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы заңдастырып, жұмысқа рұқсат алып, ҚР халықтың көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал. Егер заң талаптарын орындамай, оны бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкес, шара көрілетін болады, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.