Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында автобус жүргізушілері тарапынан 97 бұзушылық анықталды

“Заңсыз тасымалдаушы” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қарағанды облысында автобус жүргізушілері тарапынан 97 бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысында “Заңсыз тасымалдаушы” жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде, оған облыстың көліктік бақылау инспекциясының көмегімен облыстың ПД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қатысуда.

Оның мақсаты – заңнама талаптарына жауап бермейтін автокөлікпен, оның ішінде жолаушылардың сыйымдылығы әртүрлі автобустармен заңсыз жеке тасымалдаумен айналысатын тұлғаларды анықтау.

Мәселен, облыста жыл басынан бері жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің кінәсінен сегіз жол-көлік оқиғасы орын алып, үш адам қаза тауып, бес адам жарақат алды.

Рейдтер барысында заңсыз тасымалдаушылар жиі жиналатын орындарға – базарларға, теміржол және автовокзалдар мен ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының жанындағы алаңдарға ерекше назар аударылады. Іс-шараға барлығы 500-ден астам Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тартылды. Облыс бойынша 200-ден астам патрульдеу бағыты қойылды.

Бүгінгі күні саптық бөлімшелердің қызметкерлері автобус жүргізушілері жасаған 97 бұзушылықты анықтады. Жеті көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Жолаушыларды тасымалдауға арналған 56 автобус техникалық сәйкестігі тұрғысынан тексерілді.

– Еске саламыз, жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдаушыда жергілікті атқарушы орган берген рұқсат құжаты болуы тиіс. Қазіргі уақытта барлық кәсіпкерлер қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамайды. Яғни, жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау алдында медициналық куәландырудан және автокөліктері тексеруден өтпей көлік жүргізеді.
Бұл жағдай адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, сондықтан біз азаматтарды тек ресми тасымалдаушылардың қызметтерін пайдалануға шақырамыз. Ал оларға қойылатын талаптар “Автомобиль көлігі туралы” ҚР Заңында жазылған, – деп атап өтті облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зарубаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру