Қызылорда облысында есептегі сотталған мәжбүрлі еңбекке тартылды
Қызылорда облысында есептегі сотталған мәжбүрлі еңбекке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған Ж. есімді ер адам тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, бөтеннің мүлкін жасырын жымқырғаны үшін Жалағаш аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, ол жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан аспайтын мәжбүрлі еңбекке тартылған.
Аталған сотталған қазіргі таңда өз ауылында әкімдік белгілеген жерлерде қоғамдық жұмыстарды, яғни күніне 4 сағаттан абаттандыру, қоқыс тазалау арқылы жазасын өтеп келеді. Сол объектілердің бірінен сотталғанның мәжбүрлі еңбегін қалай атқарып жатқанын қадағалап, ауылдық округ әкімі, учаскелік полиция инспекторының қатысуымен сотталғанға жаза өтеу тәртібі мен шарттары түсіндіріліп, мәжбүрлі еңбегін адал атқару керектігі жөнінде әңгіме жүргізілді.