Петропавл тұрғыны интернет-алаяқтарға қалай алданып қалғанын айтты
Петропавл тұрғыны интернет-алаяқтарға қалай алданып қалғанын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Олар менің жеке деректерімді айтқан соң, сендім» – дәл осылай өзінің алданғанын интернет-алаяқтардың құрығына түскен 48 жастағы петропавлдық түсіндірді. Ол басқа адамдарды алаяқтардан сақтау үшін өзінің басынан өткен оқиғамен бөлісті. Юрий Фоминых алаяқтардың құрығына түспей тұрып, бір күн бұрын оған қоңырау келіп түскені және хабарласқандар өздерін банк қызметкері ретінде таныстырғаны туралы айтты. Олар оған біреулер оның атына несие ресімдеп жатқанын айтқан, Юрий алаяқтардың бұндай әрекеті туралы білген және әңгімені тоқтатқан. Алайда келесі күні хабарласқан алаяқ түрлі амалдармен оны сендірген. Қоңырау шалғандар оның тегін, есімін, әкесінің атын, тіпті отбасы құрамы мен жұмыс орнын айтып берген. Бұрын мұндай мәліметтерді ол банктен несие алғанда жазған. Бұған аң-таң болған ер адамның сенбеуге амалы болмапты.
– Осыншама мәліметті білетін адамдар алаяқтар емес екен деп ойладым. Менің атыма бір миллион теңге несие ресімдеген банктегі алаяқ менеджерлерді әшкерелеу керек деп айтты, – дейді Юрий Фоминых.
Юрий өзіне хабарласқандарға көмек көрсетуге бел буған, осылайша өзінің атына несие ресімдеген адамдардың әрекетін болдырмайтынына сенген. Алаяқтардың нұсқауы бойынша ол екі банктен 4 миллион теңгеге несие ресімдеген. Бұл ақшаны ол қылмыскерлердің нұсқаған шотына аударған.
Алаяқтардың айласына алданып қалғанын тек келесі күні түсінген. Алаяқтар қоңырау шалуларын тоқтатпай, осыған ұқсас әңгімелерді айтып, несие ресімдеу үшін оны басқа банктерге жібермекші болған. Бұны түсінген Юрий полицияға жүгінді. Қала тұрғынының айтуынша, банк қызметкерлері алаяқтардың әрекеттері туралы ескерткен. Бірақ ол сонда да күмәнмен қараған.
– Полицейлер біреулердің несие ресімдеуге әрекет етіп жатқанын немесе несие ресімдеп қойғаны туралы қоңырау шалып айтатындарға сенбеу керектігі туралы ескертеді. Сіздің жеке деректеріңізді және басқа да ақпаратты айтатын болса да, әңгімелеспеңіздер. Егер көңіліңізде күмән болса, банкке барып, қоңырау шалғандар туралы айтып беріңіздер, – дейді Петропавл қалалық Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов.