Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулықтың телефоны мен ақшасын ұрлап кеткен күдікті анықталды

Теміртаулықтың телефоны мен ақшасын ұрлап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 18 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Айтуынша, жас жігіт өзінің танысына қонаққа келеді. Сол үйде тағы да бірнеше бейтаныс адамдар болады. Жігіт олармен біраз әңгімелесіп отырған соң, қайтып кетеді. Артынша, жігіт ұялы байланыс телефонының жоғалғанын байқайды, құрылғыны бейтаныс адамдардың біреуі білдіртпей, жас жігіттің қалтасынан ұрлап алған. Шығын соммасын жәбірленуші 360 мыңға бағалады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды қаласының ПБ криминалды полицияның қызметкерлері «ізін суытпай» 43 жастағы күдікті ер адамды анықтады және ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Ұялы телефон жәбірленуші тарапқа қайтарылды.

31 жастағы тағы бір Теміртау тұрғынына қалта ұрысы түсті. Яғни, соңғысы көшеде бір бейтаныс азаматпен танысады. Ол өзіне сенімділік тудырады. Кездейсоқ адаммен әңгімелесе отырып, ол 90 мың теңге тұратын ұялы телефоны мен 320 мың теңге ақшасын қалтасынан білдіртпей ұрлап алғанын байқамайды. Жәбірленуші кездейсоқ сұхбаттасушымен қоштасқаннан кейін ғана аңғарады.

Теміртау қаласының ПБ патульдік полиция батальонының жасағы «ізін суытпай» 40 жастағы күдіктіні ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер – ұялы телефоны алынды.

Екі факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру