Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ер адам баланың ұялы телефонын тартып алған

Қарағандыда ер адам баланың ұялы телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Бейтаныс біреу оның 12 жастағы баласынан 100 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып алғанын хабарлады.

Оқиға бала аулада ойынап жүрген кезде болған. Оған қоңырау шалады, ол тұтқаны көтеріп сөйлесе бастайды. Сол кезде оған қаскөй жақындап келіп, қолынан ұялы телефонды жұлып алып, қашып кетеді. Бала үйіне келіп, болған жәйт туралы ата-анасына айтып береді.

Оқиға орын алған жерге бірер минуттардан соң жедел-іздестіру тобы келіп жетеді. Куәгерер қаскөйдің сырт келбетін, шамамен 35-40 жасын, үстіндегі киімін сипаттап берді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер “ізін суытпай” сол шағын ауданда тұратын 36 жастағы күдіктіні анықтады және ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Ол ұялы телефонды баладан алып, сатып жібермекші болғандығымен түсіндірді. Алайда ойлаған жоспары іске аспады.

ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру