Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Автобус» іс-шарасы барысында 700-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте «Автобус» іс-шарасы барысында 700-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қала аумағында жол апатын азайту, жол қозғалысын бақылау және қадағалау мақсатында «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Шара аясында тәртіп сақшылары қоғамдық көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтті. Осылайша мегаполисте жеті тәулік ішінде қоғамдық көлік жүргізушілерімен жасалған 700-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және заттарды
тасымалдау ережесін бұзу) – 21, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару) – 26, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 8-бөлігі (Рейс алдындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өтпеу) – 10, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (Техникалық байқаудан өтпеу) – 64, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Ұялы телефон пайдалану) – 136, ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (Маневр жасау қағидаларын бұзу) – 52, ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Қарсы жүріп өту қағидаларын бұзу) – 3, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы 2-бөлігі (Міндетті сақтандыру туралы заңнама бұзу) – 2, ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабы (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтен асып кету) – 15, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салудың бір дерегі анықталды.

Аудандық Полиция басқармаларымен ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабымен белгіленбеген жерден өткен 600-ден аса жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру