Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында көлікті мас күйде басқарған тұрғынға хаттама толтырылды

Қызылорда облысында көлікті мас күйде басқарған тұрғынға хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

10 шілде күні рейдтік шаралар барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен аудан көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл көңілік тоқтатылды. Құқық бұзушының наркологиялы сараптама нәтижесі бойынша «жеңіл дәрежелі» масаң күйде болғаны белгілі болды.

Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлігі айып алаңына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру