Қызылордада қонақ үйге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды
Қызылордада қонақ үйге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ұрлық қылмысының орын алғанын байқаған қонақ үй администраторы дереу Қызылорда қалалық Полиция басқармасына хабар берді. Қонақ үйге кірген белгісіз ер адам Reception кассада тұрған 150 мың теңгені және Iphone телефонды қолды еткен.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні анықтады. Ол 51 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шықты. Күдіктіге қатысты ІІО келу туралы міндеттеме алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Мән-жайлар анықталуда.