«Шетелден киім алып беремін»: Түркістан облысында бұрын сотты болған ер адам алаяқтық жасады
Түркістан облысында бұрын сотты болған ер адам шетелден арзан бағада киім алып беремін деп алаяқтық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Келес ауданының тұрғыны арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы Өзбекстан Республикасынан арзан бағада киім алып, Алматы қаласының тұрғындарына сатамыз деп әбден сеніміне кірген. Жәбірленушіден алдын ала тауарға деп 500 мың теңге ақша алған.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшыларының тиянақты әрі жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, Сарыағаш ауданының тұрғыны, бұрын сотты болған ер адам ұсталды.
Тексеру кезінде анықталғандай, сезікті ер адам бұған дейін жасаған әрекеттерінен сабақ алмай, алаяқтық қылмысын тағы жасаған. Ол жәбірленушіден алған ақшаны жаратып жіберген. Бүгінгі таңда полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.